Алғыс айту күні қарсаңында биология-география факультетінде «Жаныңда жүр жақсы адам» іс-шарасы өтті. Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Ибрайұлы Рамазанов өскелең ұрпақпен жүздесіп, өнегелі өмірімен, баға жетпес тәжіребиесімен бөлісті, студенттерге ақыл-кеңес берді.