ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

ХАБАРЛАНДЫРУ

«Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылға арналған стипендиясын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасында бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 29.04.2024 ж. №204 бұйрығына сәйкес Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне бакалавриат білім беру бағдарламасына бөлінді Қазақстан Республикасы Президентінің 66 , 1 стипендия магистратура білім беру бағдарламасына бөлінді.

 

           Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын тағайындау конкурсына бюджеттік және коммерциялық негізде тек қана «өте жақсы» оқитын күндізгі оқу бөлімінің 3-4(5) курс студенттері және 2 курс магистранттары (А, А-) қатысуға құқылы.

           ҚР Президентінің стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткерлер құжаттарды қағаз түрінде ұсынуы қажет:

1.    конкурсқа қатысуға факультет деканының ұсынысы;

2.    транскрипт;

3.    республикалық және халықаралық (шығармашылық, спорттық) олимпиадалардағы, конкурстардағы жеңістерді растайтын грамоталардың, дипломдардың көшірмелері;

4.    ғылыми еңбектер жинақтарындағы жарияланымдар (Ғалым хатшы растаған еңбектердің тізімі немесе мақалалардың көшірмелері қоса беріледі);

5.    университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстарына, қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсенді қатысқанын растайтын дипломдардың, грамоталардың, сертификаттардың, куәліктердің көшірмелері.

 

 (қысқы емтихан сессиясының қорытындысы бойынша)

 Тең жағдайда:

-       жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың;

-       бала жасынан мүгедектер және мүгедек балалардың артықшылығы бар.

 

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау – 2024 жылғы 20.05-ға дейін.

 Білім алушылармен жұмыс жасау қызметіне (бас ғимарат, 215, 217 каб; тел. 35-64-76).