«Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылға арналған стипендиясын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасында бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 02.06.2023 ж. № 251 бұйрығына сәйкес Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне бакалавриат білім беру бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің 47 стипендиясы білім беру бағдарламасына бөлінді.
Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын тағайындау конкурсына бюджеттік және коммерциялық негізде тек қана «өте жақсы» оқитын күндізгі оқу бөлімінің 3-4(5) курс студенттері (А, А-) қатысуға құқылы.
ҚР Президентінің стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткерлер:
1. транскрипт;
2. конкурсқа қатысуға факультет деканының мотивациялық хаты;
3. республикалық және халықаралық (шығармашылық, спорттық) олимпиадалардағы, конкурстардағы жеңістерді растайтын грамоталардың, дипломдардың көшірмелері;
4. ғылыми еңбектер жинақтарындағы жарияланымдар (Ғалым хатшы растаған еңбектердің тізімі немесе мақалалардың көшірмелері қоса беріледі);
5. университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстарына, қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсенді қатысқанын растайтын дипломдардың, грамоталардың, сертификаттардың, куәліктердің көшірмелері.
Тең жағдайда:
- жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың;
- бала жасынан мүгедектер және мүгедек балалардың артықшылығы бар.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау – 14.06.2023ж. Құжаттарды қағаз түрінде Білім алушылармен жұмыс жасау қызметі бөліміне (бас ғимарат, 215, 217 каб; тел. 35-64-76).