«Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылға арналған стипендиясын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасында бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 04.05.2022 ж. № 183 бұйрығына сәйкес Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне бакалавриат мамандықтары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің 47 стипендиясы білім беру бағдарламасына бөлінді.
Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын тағайындау конкурсына бюджеттік және коммерциялық негізде тек қана «өте жақсы» оқитын күндізгі оқу бөлімінің 3-4(5) курс студенттері (А, А-) қатысуға құқылы.
ҚР Президентінің стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткерлер:
Тең жағдайда:
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау – 2022 жылдың 20.06-не дейін. Құжаттарды қағаз түрінде Білім алушылармен жұмыс жасау қызметі бөліміне (бас ғимарат, 215, 217 каб; тел. 35-64-76).