ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Жаңа инновациялық білім беру бағдарламасы

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінде PhD докторантурасының 8D04110 «Тұрақты қаржы» жаңа инновациялық білім беру бағдарламасы ашылды. Бағдарлама орнықты даму қағидаттары мен мақсаттарын ескере отырып, қаржы саласын басқарудың негізгі құзыреттерін, заманауи технологиялары мен құралдарын меңгерген зерттеушілердің сапалы жаңа буынын даярлауға бағытталған. Докторлық бағдарлама осы бағыт бойынша даярлаудың қазіргі заманғы отандық және халықаралық тәжірибесін, тұрақты қаржы саласындағы ғылыми жетістіктер мен оқу-әдістемелік әзірлемелерді, сондай-ақ «Қаржы» кафедрасы ұжымының көп жылдық ғылыми-педагогикалық тәжірибесін жинақтауды ескере отырып әзірленді. 8D04110 «Тұрақты қаржы» білім беру бағдарламасы 8D041 «Бизнес және басқару» даярлау бағыты бойынша лицензиялық талаптарға, Ұлттық біліктілік шеңберіне және кәсіптік стандарттарға, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес келеді.