Оқытушылар – университеттің сапа жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі. Жоғары білім беру жүйесінде профессорлық-оқытушылық құрамның үздіксіз кәсіби және тұлғалық дамуын қолдауға әртүрлі бейресми оқыту түрлері бағытталған. Курстар, тренингтер, шеберлік сыныптары, семинарлар, онлайн-курстар арқылы оқытушылар өздерінің кәсіби білімдері мен дағдыларын уақытында жаңартып, кеңейтіп отырады. КарУ-дың педагогикалық факультетінде оқытушылардың зерттеу әлеуетін дамыту мақсатында кәсіби қауымдастық құруға ерекше мән беріледі. Осыған орай, 2024-2025 оқу жылының бастауында педагогика ғылымдарының докторы, профессор Әбілдина С.К. педагогикалық факультет ұжымының алдында өзінің ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша есеп берді. Салтанат Қуатқызының атқарған жұмысының мазмұны оқытушыларға ғылыми-зерттеу қызметінің мүмкін формаларын көрсетті: ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысу, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық қаржыландыру жобаларына қатысу, диссертациялық кеңестерде, ғылыми және академиялық комиссияларда жұмыс істеу, жас оқытушылар үшін біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру, мақалалар жариялау, семинарлар өткізу және т.б. Әбілдина С.К.-ның есебі бейресми білім берудің жеке тұлға үшін де, университет ұжымы үшін де құндылығы мен маңыздылығын айқын көрсетті! Айқын болғаны – Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде бейресми оқыту маңызды рөл атқарады, ол оқытушыларға білім беру қызметтері нарығындағы жаңа сын-қатерлерге икемді әрі дайын болуға көмектеседі, сондай-ақ кәсіби мансап пен жеке дамуда жетістікке жетуге ықпал етеді.