ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Ғылыми ынтымақтастықтың шегі жоқ!

Бүгін, 28 ақпан күні, Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінің бастамасымен, бір пікірталас алаңында аталмыш университеттің, академик Е. А. Бөкетов Қарағанды университетінің, М. Танк атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университетінің өкілдері жиналды. Талқылау тақырыбы халықаралық ынтымақтастықтың заманауи үрдістері, Қарағанды және Беларусь ЖОО-да ғылыми кадрларды даярлау ерекшеліктері, дарынды білім алушылармен жұмыс және ЖОО-да деонтологиялық даярлық мәселелері болды. Мәселелер өзекті және одан әрі зерттеуду қажет етеді. Осыған орай аталмыш мәселелерді әрі қарай қарастыру мақсатында халықаралық онлайн-форум қатысушылары ынтымақтастық туралы шешім қабылдады! Онлайн іс-шараға академиялық ұтқырлық бағларламасы аясында Низами атындағы ТМПУ-не барған педагогика факультетінің деканы С.А. Муликова, МДжППД кафедрасының меңгерушісі С. Б. Мукушева., сонымен қатар педагогика факультетінің ПОҚ, магистранттары мен докторанттары Қарағанды университеті тарапынан қатысты.