ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

«Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін педагогикалық дизайнды қолдануға дайындау» тақырыбындағы ғылыми-практикалық семинар

2023 жылдың 23-ақпанында «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасының 3-курс докторанты Медиева С.Х. «Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін педагогикалық дизайнды қолдануға даярлау» зерттеу тақырыбы аясында білім алушылар мен оқытушылар үшін ғылыми-практикалық семинар өткізді.

Семинар үш бөлімнен, теориялық, практикалық және кері байланыстан құралған. Теориялық бөлімде педагогикалық дизайн терминінің өзіне, мақсаты мен міндетіне тоқталып өтті. Практикалық бөлімде Қарағанды қаласы «№16 ЖББМ» КММ мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері педагогикалық дизайнның ADDIE және SMART екі модулі негізінде жасалынған қысқартылған мерзімді жоспра көрсетіп, қыр-сырын ортаға салды. Рефлексия барысында QR-код арқылы семинарға қатысушылардан кері байланыс алынып, бірден GOOGLE-формадағы жауаптар талқыланды. Қорытындылай келе, семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізілді. Докторант зерттеу тақырыбының өзектілігі мен практикалық маңыздылығын көрсете алды.