Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті Филология факультеті Қазақ тіл білімі кафедрасы 2024 жылдың 15 наурызында филология ғылымдарының кандидаты, доцент Тұрмағанбет Төлешұлы Пірімбетовтің 70 жылдығына орай «Тілтанудағы тұлға» атты жоғары оқу орныаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.
Конференцияның негізгі бағыттары:
Мақала 2024 жылдың 24 ақпанынан кешіктірілмеуі және төмендегідей тәртіппен рәсімделуі керек:
Мақала көлемі 5-7 беттен аспай, Microsoft Word редакторы форматында терілуі қажет; қаріп Times New Roman; жоларалық интервал – 1,0; кегль 12; шеті: сол жағы – 2,5 см., оң жағы – 2 см., жоғары және төменгі 2 см.
Бірінші жолға – жол ортасынан автордың аты-жөні, тегі және оқу орнының атауы. Екінші жолға – жол ортасына ғылыми жетекшінің аты-жөні. Келесі жолға бір интервалдан кейін жол ортасынан бас әріптермен мақаланың тақырыбы (негізгі шрифт, жол ортасы) жазылады. Келесі 1 интервал төмен азат жолдан мақала мәтіні теріледі. Әдебиет көздеріне сілтеме стандартқа сәйкес ретімен көрсетіледі және мақаланың соңында негізгі мәтіннен кейін бір интервал төмен тізім ретінде беріледі. Мәтіндегі сілтемелер квадрат жақшаның ішінде сандармен көрсетіледі, әрі қарай нүкте үтір арқылы беті белгіленеді [1; 3]. Беттер нөмірленбейді.
Мәтін түпнұсқа болып есептеледі және өңдеу жасалмайды.
Конференция материалдары электронды форматта алдын ала жарық көреді.
Студенттер мен мектеп оқушыларының мақалалары ғылыми жетекшілері жауапкершілігімен қабылданады. Мақалаларды қазақ, орыс тілдерінде беруге болады.
Конференцияға қатысушылардың жол қаражаты жіберуші ұйымның есебінен төленеді.
Қатысушылар баяндамамен бірге төмендегі үлгі бойынша мәліметтер жіберуі қажет.
Мақалаларды t_marhaba@mail.ru; r_zhanat@mail.ru электронды пошталарына жіберуге болады.
Конференция академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті Филология факультетінің ғимараты 13-лектік дәрісханасында сағат 11.00-де басталады.
Мекенжайымыз:
Қарағанды қаласы, Мұқанов көшесі, №1. Қазақ тіл білімі кафедрасы, №209 кабинет.
Тел:. 8 (7212) 77-03-66, жауаптылар: ұялы тел.: 8 701 356 44 86 - Тұрсынова Мархаба Ахметқалиқызы; ұялы тел.: 8 700 377 20 47 – Рапишева Жанат Дабылқызы .
Ұйымдастыру комитеті