ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

news

БӨКЕТОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖОБАСЫ -- БОЛАШАҚҚА СЕРПІНДІ ҚАДАМ

Педагогика ғылымдарының кандидаты, шетел тілдері факультетінің қауымдастырылған профессоры Гүлнәз Тілеужанова бастаған ғалымдар тобы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен «Шет тілдік кәсіптік даярлық конвергенциясының ғылыми-әдістемелік негіздері» жобасы бойынша белсенді жұмыс атқаруда. Жобаның мақсаты -- ресми және бейресми білім беру конвергенциясы арқылы шет тілдік дайындықты жақсарту.

«Бейресми білім трендте. Бүгінде Қазақстанда өмір бойы оқытуды жүзеге асыру өзекті болып келе жатқаны баршаға мәлім және бұл үрдіс бүкіл әлемде орын алуда. Әйтпесе, адам ұзақ уақыт трендте қала алмайды. Білім алушылар мектепте және жоғары оқу орнында алатын ресми білімнен басқа, олар бейресми білім беру мүмкіндіктері арқылы біліктілігін арттырып, жетілдіруі керек. Бұл ғылыми қоғамдастық тарапынан қолдау тапқан мемлекеттік тапсырма, яғни үздіксіз білім беру тұжырымдамасы бар және бұған жоғары оқу орындары дайын.

Біздің команда болашаққа үлкен жоспарлар құрып отыр -- ресми және бейресми білім берудің конвергенция процесін ғылыми қамтамасыз ету мен әдістемелік сүйемелдеуін әзірлеу. Жобаға 7 адам жұмылдырылған. Олардың қатарында жас ғалымдар - PhD докторлар, докторанттар, магистранттар мен студенттер бар. Бұл жобадан үлкен үміт күтіліп отыр», -- дейді Гүлнәз Тілеужанова.