ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Педагогикалық факультет магистранттарының ғылыми тағылымдамасы

2024 жылғы 5-17 ақпан аралығында «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі», «Педагогика және психология», «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» магистратурасының білім беру бағдарламаларының білім алушылары Максим Танка атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университетінің базасында онлайн форматта «Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдіснамасы» тақырыбы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтеді. Тағылымдама жетекшісі - БМПУ біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Шеститко Ирина Владимировна. «7М01301 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 2 курс магистранты Чилякова Вероника Ивановна 2024 жылдың 5 ақпанынан 18 ақпанына дейін Қ.Қарасаев атындағы Бішкек мемлекеттік университетінің бастауыш, мектепке дейінгі білім беру теориясы мен әдістемесі кафедрасында ғылыми тағылымдамадан өтеді. Тағылымдама жетекшісі - кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Әбдіракунова Жылдыз Сатарқызы. Ғылыми тағылымдама аясында магистрант университеттегі дәріс және семинар сабақтарына қатысады, сондай-ақ Бішкек қаласының жалпы білім беретін мектептеріне барады; МЖМБС, бастауыш мектептің оқу жоспарлары мен бағдарламаларымен, мұғалімдерді оқыту әдістемесімен және педагогикалық қызметімен танысады; университет кітапханасында магистрлік диссертация тақырыбы бойынша әдеби дерккөздермен жұмыс істейді.