ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Қарағанды университеті мен Ташкент университеті: академиялық ынтымақтастықтың жаңа белестері

18 қарашада біздің университеттің 16 ғалымы Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінде (Өзбекстан) ғылыми тағылымдамадан өтті. Осыған орай Ташкентте университеттің ректоры Киргизбаева Абдугаппора Каримжоновичтың басшылығымен салтанатты іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында оқытушыларға "Жоғары білім беруді дамытудағы заманауи трендтер: ғылыми-практикалық тәжірибе" бағдарламасын табысты меңгергені үшін сертификаттар тапсырылды.Отырысқа Қарағанды университетінің ректоры Н.О. Дулатбеков қатысты, оған "Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінің құрметті профессоры" атағы берілді. Іс-шараның ресми бөлімінде университет басшылары екі оқу орны арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық аясында бірлескен академиялық қызмет бағыттарын талқылап, нақтылады.Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің даму жоспарында университеттің Өзбекстан Республикасында филиалын ашу қарастырылып отыр. Бұл шара университеттің халықаралық имиджін нығайтып, жоғары оқу орындарының әлемдік рейтингісінде ілгерілеуге ықпал етуі мүмкін.