01.11.23ж.-30.11.23ж. аралығында 8D01301 – «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 2, 3 курс докторанттары К.Б.Копбалина, Э.Б.Тлеуберлинова Анкара қаласы (Турция) Гази университетінде «Ғылыми-педагогикалық зерттеулер әдіснамасы» (120 сағат) тақырыбы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті. Докторанттардың шетелдік ғылыми кеңесшісі – PhD докторы, профессор Южел Гелишли. Тағлымдама барысында докторанттар ғылыми жетекшілерінен докторлық диссертация тақырыптары бойынша жеке консультациялар алып, университеттің ПОҚ құрамының дәрістеріне қатысып, тәжірибе алмасты. Университеттің және Анкара қаласының Ұлттық кітапханасында зерттеу жұмыстарына байланысты ақпараттар жинақтады. Сонымен қатар, Гази университеті қорының жеке мектептерінің ішінде бастауыш мектебімен танысып, сабақтарына қатысып, білім беру бағдарламасымен танысты. Шетелдік ғылыми тағылымдама университеттің жетекші ғалымдарымен ғылыми ынтымақтастыққа, ғылыми қызметті жандандыруға және зерттеу процесіне басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік беретін құнды тәжірибе алуға үлкен серпін берді. Докторанттар Түркияның озық университеттерінің бірінде ғылыми тағылымдамадан өтуге мүмкіндік берген университетіміздің басшылығына алғыстарын білдіреді.