ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

АБАЙ МЕН НАУАИ МҰРАСЫ ЕКІ ІРІ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ - НИЗАМИ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ ПЕН ҚАРАҒАНДЫ БӨКЕТОВ УНИВЕРСИТЕТІ БАС ҚОСҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛДЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2024 жылғы 5 тамызда Өзбекстан Республикасының Президенті Ш.Мирзиёевтің Қазақстанға мемлекеттік сапары қарсаңында Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің қабырғасында «Шығыстың қос жұлдызы: Абай және Науаи» - «Две звезды Востока: Абай и Навои» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті.

Бөкетов университетінің қонақтары Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры А.К. Қырғызбаев және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Ф.И. Икромхонова болды.

Бөкетов университетінің ректоры Н.О. Дулатбеков өзара ғылыми іс-қимылдың, мәдени алмасудың және жаңашыл ұрпақтың рухын оятып, шабыттандырып келе жатқан Абай мен Науаи сияқты көрнекті тұлғалар мұрасын терең талдаудың маңыздылығын атап өтті.

Дөңгелек үстелде Қазақстан мен Өзбекстаннан келген ғалымдар, ПОҚ және білім алушылар екі бауырлас елдің рухани байланысы мәселелерін, сондай-ақ Абай мен Науаидің әдебиетке, мәдениетке және философияға қосқан елеулі үлесін талқылады. Аталған мәдени шараға Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры А.К. Қырғызбаев пен халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Ф.И. Икромхонова арнайы қатысты.

«Өзбекстан – Қазақстан: жалпыға ортақ достық пен тату көршілестік қағидаты» тақырыбындағы баяндама барысында Низами атындағы университеттің ректоры А.К.Қырғызбаев бүгінде екі ел арасындағы қарым-қатынас достық, тату көршілестік және өзара сыйластық қағидаттарында дамып келе жатқанын атап өтті.

«Өзбекстан мен Қазақстанның өзара іс-қимылының қазіргі деңгейі екіжақты байланыстың даму көкжиегін белгілейтін мемлекет көшбасшыларының қалыптасқан тығыз әрі сенімді диалогтарының арқасында мүмкін болып отырғанын атап өту қажет», - деді ол.

Пікір алмасу барысында дөңгелек үстелге қатысушылар өз зерттеулерімен бөлісті, екі тарихи тұлғаның шығармашылығы арасында сабақтастық, ұқсастық мәселелері сөз болды, олардың қазіргі қоғамға әсерін талдады.

Іс-шара соңында Ғылыми кеңестің шешімімен Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры А.К. Қырғызбаевқа Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің Құрметті профессоры атағы берілгені атап өтілді.

Бұл оқиға өзара сенім мен құрметтің жоғары деңгейін, өзара ғылыми іс-қимылға ұмтылуды, сондай-ақ екі жоғары оқу орны арасындағы байланысты одан әрі нығайтуды айғақтайды.