ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

«ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР МЕН ӨНЕР» БАҒЫТЫ БОЙЫНША ЕҢ КӨП ДӘЙЕКСӨЗ КЕЛТІРІЛГЕН АВТОРЛАР

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Web of Science деректер базасындағы соңғы 5 жылдағы мақалаларына Қазақстандық аффиляциясы бар авторларға берілген дәйексөздер саны бойынша алты ірі ғылыми бағыттың біріншілік деңгейдегі классификаторы негізінде 1 авторға шаққандағы ең көп дәйексөз келтірілген авторлардың тізімін жасады. Әр бағыт бойынша 50 автордан тұратын тізім берілген.«Гуманитарлық ғылымдар мен өнер» бағыты бойынша тізімге Қарағанды университетінің археологтары енді:…14-орын — Варфоломеев Виктор,…21-орын — Усманова Эмма Радиковна.Эмма Радиковна Усманова 1985 жылдан бастап Сарыарқа археологиялық институтында ғылыми қызметкер ретінде табысты еңбек етіп келеді. 150-ден астам ғылыми мақаланың және 6 монографияның авторы мен авторласы. 2020 жылы гуманитарлық ғылымдар саласындағы ең үздік ғылыми зерттеу үшін Ш. Ш. Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты атанды. 2023 жылы Scopus Awards халықаралық сыйлығының жеңімпазы ретінде «ең үздік зерттеуші» деп танылды. Қазіргі уақытта әлемдік ғылыми қауымдастықта мойындалған және Scopus дерекқоры бойынша h-индексі — 15.Виктор Васильевич Варфоломеев — тарих ғылымдарының кандидаты, археология, этнология және Отан тарихы кафедрасының профессоры. Қола дәуірін зерттеуші беделді ғалымдардың бірі. Бегазы-Дәндібай мәдениеті феноменін зерттеу мәселелерімен белсенді айналысып келеді. 40-тан астам археологиялық ескерткіштерді зерттеген, оның ішінде 10-нан астамы алғаш рет ашылған. 2015-2023 жылдар аралығында ҚР БҒМ ғылыми жобаларын басқарды, халықаралық жобаларға да қатысып жүр. 180-нен астам мақала мен 6 монографияның авторы. 2020 жылы «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған. Scopus дерекқоры бойынша h-индексі — 9.Republican Olympiad