2023 жылдың 10 тамызынан бастап академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің қабылдау комиссиясы университетке түсу үшін грант иегерлерінен құжаттарды қабылдау жұмыстарын бастады.
Құжаттар 25 тамызды қоса алғанда қабылданады.
ЖОО-ға түсу үшін талапкерлер университеттің https://talapker.buketov.edu.kz/ ішкі сайтында тіркелуі қажет.
ЖОО-ға түсу үшін грант иегерлері жеке куәлігін, 3х4 фотосуретін, орта білім туралы аттестат немесе ТжКБ ұйымдарының түлегі үшін дипломды, 075/ нысандағы медициналық анықтаманы, жас жігіттер үшін әскери комиссариаттың тіркеу куәлігі, грант куәлігін (болған жағдайда) ұсынуы қажет. Сондай-ақ артықшылықты санаттар үшін әлеуметтік санатын растайтын басқа да құжаттарды тапсыруы қажет.
18 жасқа толмағандар үшін келісімшартқа өтініш берушінің ата-анасы немесе заңды өкілі қол қоюы керек екенін ескеріңіз.
Құжаттарды тапсыру тәртібі туралы толық ақпаратты бас корпус ғимаратындағы 2, 3, 4, 5, 6 аудиториялардағы ЖОО қабылдау комиссиясынан және Студенттер үйі туралы ақпаратты Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты жөніндегі департаменттен алуға болады.
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті Университет көшесі, 28, мекенжайында орналасқан.
Қабылдау комиссиясының байланыс телефондары: 8 (7272) 90-85-14
Студенттер үйінің байланыс телефондары: 87001664562.