ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің биология-география факультетінде 2024 жыл 21 қарашада мектеп оқушылары арасында биология пәнінен аймақтық олимпиаданың ІІ кезеңі өтті.

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің биология-география факультетінде 2024 жыл 21 қарашада мектеп оқушылары арасында биология пәнінен аймақтық олимпиаданың ІІ кезеңі өтті. Олимпиадаға өңірдің әртүрлі мектептерінен 40 оқушы қатысты. Олар төрт бекетте тапсырмаларды орындады: «Жалпы биология», «Эволюциялық биология», «Ботаника», «Зоология».

Сонымен қатар, биология пәнінің мұғалімдері үшін «Сарыарқа дарыны» орталығымен бірлесе отырып, профессор, зоология кафедрасының доценті, б.ғ.к. Мырзабаев А.Б. және зоология кафедрасының аға оқытушысы Тыржанова С.С. «Биология пәні бойынша оқушыларды олимпиадаға дайындау әдістемесі» тақырыбында семинар өткізді. Семинар қорытындысы бойынша тыңдаушылар сертификаттар алды.

Олимпиада қазылар алқасының нәтижелерді санауы қатысушылардың пән бойынша жоғары деңгейдегі білімін көрсетті. Дегенмен, үздік нәтиже көрсеткен жүлдегерлер анықталды. Олимпиаданың жабылуында биология-география факультетінің деканы, PhD, профессор Жұмина А.Г., зоология кафедрасының меңгерушісі, PhD, қауымдастырылған профессор Шайбек А.Ж. және олимпиада қазылар алқасының төрағасы, профессор, б.ғ.к. Мырзабаев А.Б. сөз сөйледі.

 

ІІІ орын иегерлері:

 

Қаламан Аян Шалқарұлы («№66 Мектеп-лицей» КММ, биология пәні мұғалімі – Қантарбаева Гулмира Абдиманаповна)

Нүсүпбеков Мирас Бекболатұлы (Қарағанды «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернаты КММ, биология пәні мұғалімі – Тусупова Гульбагира Сейтпековна)

Ержан Наргиза Русланқызы («Сәкен Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназия» КММ, биология пәні мұғалімі – Балабатырова Гүлнұр Жаңғазықызы)

ІІ орын иегерлері:

Рәзақ Нұрым Фархатұлы («Абай атындағы №2 мектеп-лицей» КММ, биология пәні мұғалімі – Коккозова Нургул Ашимовна)

Лавриненко Иван Иванович (Қарағанды қаласының химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, биология пәні мұғалімі – Бутумбаева Мадина Кудабаевна)

І орын иегері:

Рахыш Малика Сабитқызы («Сламия Саттаров атындағы мектеп-лицей» КММ, биология пәні мұғалімі – Скендирова Ақтокаш Бейсенбайқызы)

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және оларға алдағы уақытта сәттілік тілейміз!