ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Менің университетімнің ауласы

Математика және ақпараттық технологиялар факультетінде «Менің университетімнің ауласы» байқауын жүзеге асыру аясында «Шексіздік аллеясы» бой көтерген еді.

Бұл аллея студенттердің сүйікті орнына айналды. Жастар осы жерде әңгімелесіп, бос уақыттарын пайдалы өткізеді. Ашық аспан астында таза ауада демалып отырып шахмат ойнауға барлық мүмкіндік қарастырылған.

Бүгін студенттер университет ректорымен шахмат ойнады. Олар ақыл-ойды дамытып, зейінді арттыратын ойыннан қуат алып қайтты.