Радиофизика және электроника кафедрасының аға оқытушысы Мадина Болатбековаға тәжірибелі зерттеушілердің жетекшілігімен Токио университетінің факультеті мен зертханасында жазғы тағылымдамадан өтуге бірегей мүмкіндік берілді. Жас маман конкурстық іріктеуден сәтті өтті. University of Tokyo Research Internship Program (UTRIP) тағылымдама бағдарламасы – болашақта магистр немесе ғылым докторы дәрежесін алуға мүдделі студенттер мен зерттеушілерге бағытталған халықаралық жазғы зерттеу бағдарламасы. Токио университеті жаратылыстану ғылымдары және сонымен байланысты пәндерді оқитындарға тағылымдамадан өтуді ұсынып отыр. Алты апта бойы қатысушылар университет зерттеушілерімен тығыз жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ, бағдарлама аясында Жапонияның тарихи және мәдени орындарына экскурсиялар, пәнаралық ғылыми дәрістер, түрлі іс-шаралар жоспарланған, соның арқасында тағылымдамадан өтушілер елдің құндылықтары мен дәстүрлерімен жақынырақ танысып, University of Tokyo университетінің студенттерімен достық қарым-қатынас орната алады.