ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

БӨКЕТОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖАС ҒАЛЫМДАРЫ ҚЫТАЙДАҒЫ 19-ШЫ МӘДЕНИЕТ, СПОРТ ЖӘНЕ ӨНЕР ФЕСТИВАЛІНЕ ҚАТЫСТЫ

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің жас ғалымдары Шэньян педагогикалық университетіндегі 19-шы мәдениет, спорт және өнер фестивалінің ашылусалтанатына қатысты.

Өнер фестивалінің жалпы сипаты "Қоғамдар карнавалына" ұқсас. Іс-шара барысында қытайлық және шетелдік студенттердің мәдени экспозициялары ұсынылды, сондай-ақ Бөкетов университетінің ғалымдары да барлық Фестиваль қатысушыларын Қазақстан мәдениетімен таныстырды. Балалар алдын ала бауырсақ пен шелпек әзірлеп, келушілерге ұсынды. Олар елдің әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері, өнері туралы әңгімелеп, басқа мемлекеттердің өкілдерімен танысты.