ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Орта білім беруді жаңғырту

Бүгін, 17 сәуірде Қарағанды Бөкетов университетіне Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия бөлімінің білім беру жөніндегі аға маманы Хусейн Абдул Хамид бастаған, «Орта білім беруді жаңғырту» жобасының жетекшісі және жобалық кеңсе қызметкерлерінен құрылған Дүниежүзілік банктің командасы келді. Қонақтар университеттің зертханалары мен пәндік кабинеттерінде болып, олардың жабдықталуы мен қызмет бағыттарымен танысты, студенттер мен оқытушылармен кездесті. Атап айтқанда, МжәнеАТ факультетінің «Роботрек» кабинетін, физика-техникалық факультетінің «Нанотехнология және функционалдық наноматериалдар» ҒО-ны, биология-география факультетінің биотехнология және экомониторинг зерттеу паркін аралады. БГФ коворкинг-орталығында келушілер жоба шеңберінде оқытуға қатысатын жоба бенефициар-оқытушылар тобымен кездесті. Әріптестер курстардан алған әсерлерімен бөлісті, Дүниежүзілік банк командасының көптеген сұрақтарына жауап берді. Кездесу өзара зор қызығушылық рухында өтті. Жобаны іске асыру саласында одан әрі жасалатын қадамдар белгіленді.