Педагогика факультеті 6В01301 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі білім беру бағдарламасының 2-курс студенті Сайлаубай Мерей Сексенбайқызы «Көктем аруы – 2023» облыстық сұлулық және шығармашылық байқауында ІІІ орынды иеленді!!! Колледждер мен ЖОО студенттері арасында өткізілген конкурсты Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы ұйымдастырды (2023 ж. 16 наурыз, Қарағанды қаласының Кеншілер мәдениет сарайы). Бірінші кезеңде Сайлаубай Мерей өзінің қабілеттерін келесідегідей байқауларда көрсетті: «Таныстыру картасы» (өзі туралы әңгіме), екінші кезеңде – «Талант сәті» (әнді орындады), үшінші кезеңде – «Кинофильмнен үзінді» (театрландырылған қойылым)! Өткізілген конкурстың қорытындысы бойынша Сайлаубай Мерей III орынға ие болғаны үшін Диплом және ақшалай сыйлық табыс етілді!!! Жеңіспен құттықтаймыз! Жаңа жеңістерді, жаңа биіктерге жетуді және тоқтап қалмауды тілейміз. Жарайсың, біз сені мақтан тұтамыз!