«Бастауыш сынып оқушыларын оқытудың заманауи технологиялары» әдістемелік семинары 2024 жылдың 14 ақпанында бастауышта оқыту педагогикасы және әдістемесі кафедрасының филиалы Қарағанды қаласының «№66 мектеп-лицейі» КММ базасында өткізілді. Семинарға мектептің бастауыш сынып мұғалімдері, кафедра оқытушылары, «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының магистранттары мен студенттері қатысты. Әдістемелік семинарға қатысушылар математика, дүниетану, қазақ тілі, орыс тілі, әдебиеттік оқу сабақтарында бастауыш сынып мұғалімдері мен білім алушыларының жұмысын бақылады, сабақ барысында әртүрлі педагогикалық технологиялар, соның ішінде бірінші сынып оқушыларының оқу жетістіктерін белгілемей бағалау технологиясы, критериалды бағалау технологиясы, сараланған тәсіл технологиясы және т.б. пайдаланылды. Әдістемелік семинар бағдарламасы бақыланған сабақтардың рефлексиясын және «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыруға оқытудың интерактивті әдістерінің әсері» коучингіне қатысуды қамтыды (Н.Е. Чернушенко), онда семинарға қатысушылар семинар жұмысы туралы өз әсерлерімен бөлісті және мектептің педагогикалық ұжымына жемісті жұмысы үшін алғыстарын білдірді.