2024 жылдың 25-31 наурыз аралығында Қылмыстық құқық, процесс және криминалистика кафедрасының профессоры Ардақ Ордашұлы Шәкенов Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университетімен жасалған ынтымақтастық келісімі аясында заң факультетінің студенттеріне «Сот сараптамасы» пәнінен дәрістер оқыды. Профессор өз тәжірибесімен бөлісіп, студенттерге қылмысты ашуда қолданылатын криминалистикалық әдістер мен тәсілдер көрсетті, «Наурыз» мерекесіне арналған іс-шараға қатысып, оқытушылар құрамымен кездесті.