ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

СТУДЕНТТЕРМЕН ЫСТЫҚ ШӘЙ «ӨЗГЕРІСТЕРДІ ӨЗІҢНЕН БАСТА»

20 ақпанда кафедралық жұмыс жоспары аясында "Жастар Орталығы" студенттік кампусында студенттер үйінде тұратын 1-2 курс білім алушыларымен " Өзгерістерді өзіңнен баста " атты тәрбиелік іс-шара өтті. Тәрбиелік іс-шарадан бір күн бұрын биология-география факультетінің 4-қабатындағы холға жәшік ("ҚАЛПАҚ") орнатылып, студенттерді толғандыратын сұрақтар мен мәселелерді жинау үшін QR-код ілінді. Сұрақтарын білім алушылар құпия түрде қалпаққа салынды. Өткізілетін іс-шара жөніндегі ақпарат 1-2 курс білім алушыларына зоология кафедрасының ақпарат тақтасында орналастырылған хабарландырулар арқылы жеткізілді. Шай кешінде студенттерді толғандырып жүрген өзекті сұрақтар мен мәселелер талқыланды. Оқытушылар білім алушылармен бірлескен шешімдер табуға тырысты. Іс-шара соңында білім алушылардың пікірлері тыңдалды. Іс-шараны өткізуге жауапты: аға куратор, зоология кафедрасының оқытушысы Блялова Меруерт Жақанқызы. Іс-шараға қатысқан оқытушылар: Шайбек А. Ж., Дузбаева Н. М., Ешмағамбетова А. Б., Жүзбаева Г. О., Жомартова Г. Ж., Елеупаева Ш.К., Блялова М.Ж.