ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Ынтымақтастық және өзара әрекеттестік туралы Меморандум

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті мен Ұлытау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы әлеуметтік қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру бойынша ынтымақтастық және өзара әрекеттестік туралы Меморандумға қол қойды. Ұлытау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдармалар басқармасының басшысы Нұржан Орынбаев әрекеттерді үйлестіру әлеуметтік жұмыс саласындағы мамандарды даярлаудың жоғары стандарттарын қамтамасыз етуге, сондай-ақ арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының базасында оқыту мен өндірістік оқытуды ұйымдастыру үшін қажетті және білікті оқытушылар құрамын тарту бойынша бірлескен күш-жігерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.