ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Халықаралық ынтымақтастық

2024 жылғы 14-16 мамыр аралығында Сарыарқа археологиялық институтына Мичиган Университетінен (АҚШ) әріптестер келді. Антропология кафедрасының профессоры, палеозоолог Алиша Р. Вентреска-Миллер және оның екі студенті: Кара Ларсон, Даниэль Гарнер. Сапардың мақсаты-әлемдік археологияда Қазақстаннан тыс жерлерде кеңінен танымал институттың остеологиялық коллекцияларымен танысу. Институт қызметкерлері мен Мичиган университетінің әріптестері қола дәуіріндегі адамдардың диетасы мен тағам сапасына бағытталған болашақ жобаның идеяларын талқылады. Изотоптық талдау, азот, ақуыз және стронций құрамы бойынша заманауи технологияларды қолдана отырып, адам мен жануардың сүйек қалдықтарындағы тіс тасын талдау негізінде қола дәуірінде адамның тамақтану моделі қайта құрылады, бұл адамзаттың қазіргі жаһандық тағамдық тәуекелдерінде үлкен маңызға ие. Мұндай жобаны алғаш рет Қазақстанда жүзеге асыру жоспарлануда.