Бөкетов атындағы Қарағанды университеті филология факультетінің докторанты Юлия Александровна Демьянова филология ғылымдарының докторы, мемлекеттік мүдделер мен ұлттық қауіпсіздікті медиамен қамтамасыз ету кафедрасының меңгерушісі, Медиаиндустрия академиясының проректоры Лидия Малыгинаның жетекшілігімен М.В.Ломоносов атындағы ММУ журналистика факультетінде, Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясында, Құқық және ұлттық қауіпсіздік институтында (ҚжҰҚИ) тағылымдамадан өтті.
Ю.А. Демьяноваға филология ғылымдарының докторы, журналистика кафедрасының профессоры В.Т. Абишева жан-жақты көмек көрсетті.
Жас ғалым Президенттік академия, М.В. Ломоносов атындағы ММУ, Ресей мемлекеттік кітапханасының мұрағаттарында «Қазіргі медиа дискурстағы ауызша әңгіме жанрының трансформациясы» тақырыбында ғылыми материалдар жинау бойынша жұмыс жүргізді.
Кеңесші ретінде саяси ғылымдар докторы, профессор, ҚжҰҚИ Ұлттық қауіпсіздік факультетінің деканы, генерал-майор Владимир Суворов қатысты.
Практика барысында заманауи медиажанрлары трансформациясының ғылыми проблемасына жаңа көзқарас ұсынылды, докторантқа қажетті ғылыми әдебиеттер мен өзге де ресурстарды іздеуде жан-жақты көмек көрсетілді.
Шетелдік әріптестермен кездесу әрі сұхбаттасу, ғылыми мақалаларды талқылау және жазу, «Eurasiascience-62» конференциясына қатысу докторантқа кәсіби байланыстар желісін кеңейтуге және жаңа технологиялық ортада заманауи медиа дискурсты трансформациялаумен байланысты қойылған ғылыми мәселелерді шешудің жаңа тәсілдерін әзірлеуге мүмкіндік берді.
Ресейдің жетекші университеттерінде халықаралық тағылымдамадан өту – бұл шетелдік докторанттардың кәсіби және жеке дамуы үшін, сондай-ақ жетекші ресейлік ғалымдармен білім мен тәжірибе алмасу үшін бірегей мүмкіндік.