2024 жылдың 2 наурызында академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің саясаттану және әлеуметтану кафедрасы қазіргі әлемдегі жергілікті және жаһандық оқиғаларға арналған «Қазіргі әлемдегі әлеуметтік-саяси трансформация модельдері: трендтер, сын-қатерлер, перспективалар» атты халықаралық ғылыми-практикалық постерлік конференцияны өткізуін жариялайды.
Конференцияның мақсаты: студенттердің, магистранттардың, докторанттардың және жас оқытушылардың әлеуметтік-саяси зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелерімен тәжірибе алмасуы, таныстыруы және талқылауы.
Конференцияның негізгі бағыттары: - Аймақтағы және әлемдегі қазіргі саяси процестер - Қазіргі қоғамдағы институционалдық өзгерістер (отбасы, экономика, дін, мемлекет, білім, жаңа технологиялар және т. б.) - Қазіргі қоғамдардың даму перспективалары: дез / интеграциялық процестер
Өткізу түрі: офлайн және онлайн.
Конференцияның ресми тілдері: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі.
Конференцияға қатысушыларға қойылатын талаптар: конференцияға ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу тәжірибесі бар, Қазақстан Республикасының, жақын және алыс шет елдердің жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары, докторанттары мен жас оқытушылары қатыса алады.
Конференция материалдарына қойылатын талаптар:
Конференцияға қатысу үшін ғылыми мақала мен постер дайындау қажет. Ғылыми постер-бұл сіздің зерттеуіңіздің визуалды ұсынылуы.