ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Саяси трансформация жағдайындағы мемлекет пен құқықтың қазіргі даму тенденциялары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

«Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ Сізді және ЖОО оқытушыларын «Саяси трансформация жағдайындағы мемлекет пен құқықтың қазіргі даму тенденциялары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады.

Конференция жұмысына Қазақстан, Италия, Өзбекстан, Ресей, Әзірбайжан сарапшылары, мемлекеттік қызметшілер, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушылары, магистранттар, докторанттар қатысады.

Конференция барысында келесідей  мәселелерді талқылау жоспарлануда:

  1. Саяси трансформация жағдайындағы қазақстандық мемлекет пен құқықтың дамуының теориялық-тарихи бағыттары. Академик С. З. Зимановты еске алуға арналған зерттеулер;

2.Саяси трансформация жағдайындағы конституциялық, әкімшілік, халықаралық құқықтың қазіргі даму тенденциялары;

3.Саяси трансформация жағдайындағы жеке құқықты дамытудың қазіргі тенденциялары;

4. Қазіргі саяси трансформация жағдайындағы қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру.

Конференцияның өтетін күні мен орны: 24 ақпан 2023 жылы сағ.14.00, Қарағанды қ., Университетская к-сі, 28, ҚарУ бас корпусы, заң факультеті.

Конференция : офлайн / онлайн түрде өткізіледі.

Конференцияның ресми тілдері: қазақ, орыс, ағылшын

Конференцияға қатысуды 2023 жылдың 23 ақпанына дейін conference.zan_23@mail.ru   эл. байланысқа растауды сұраймыз.

 

Конференция MICROSOFT TEAMS  бағдарламасы арқылы өтеді!

Қосылу сілтемесі:

https://teams.microsoft.com/l/meetup-join/19%3ameeting_OGM3ZWQ5NmYtY2I2Zi00MGQ3LTg0YTQtMGQ0MzAyMTdmZDVj%40thread.v2/0?context=%7b%22Tid%22%3a%220a454519-0ba8-4a0f-ad07-44d17ea7d7ac%22%2c%22Oid%22%3a%220920f2fa-968f-4c01-9224-d2302431275e%22%7d

Конференции идентификаторы: 361 250 613 90

Кіру коды: ZHsMbX