ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

13 қарашада Қарағанды Бөкетов зерттеу университетінде Студенттік парламент сессиясы өтті.

Жиын барысында әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментінің басшысы М.У. Тұяқов экс-депутаттарға алғыс хаттар табыстап, парламенттің жаңа мүшелерімен таныстырды. Сонымен қатар, Студенттік парламент басшысы Ернар Рақышев, студенттік омбудсмен Мерейлі Жақсылық және студенттік өзін-өзі басқару органдарының басшылары 2024 жылдың қыркүйек-қазан айларында атқарылған жұмыстар туралы баяндап, алдағы жоспарларға тоқталды.