ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Педагогика факультетінде – шеберлік сағаты

2022 жылдың 10-мамырында педагогикалық факультетте этникалық стильдегі әшекейлерді әзірлеу жөнінде шеберлік сағаты өтті. Шеберлік сағатын өткізуші Г.Кикимова @kikimova88_handmade өз қолыңмен жасауға болатын әшекейлерді, заттар мен аксессуарларды көрсетті. «6В01301- Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының студенттері ұлттық ою-өрнектермен танысып, қазақ ұлттық нақышындағы әшекей бұйымдарды өз қолдарымен жасап көру мүмкіндігіне ие болды. Білім алушылар өз тәжірибесінде этникалық стильдегі әшекей бұйымдарды жасау қызықты әрі жеңіл екендігіне көз жеткізді.