2022 жылы академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде «Айдың үздік қызметкері» байқауы бастау алған болатын. Байқау қызметкерлердің сапалы және шығармашылық жұмысқа қызығушылығын ынталандыру мақсатында өткізіледі.
Байқау қорытындысы бойынша Әкімшілік-шаруашылық департаментінің шаруашылық меңгерушісі Қабылбеков Серікбай Шойбекұлы 2022 жылдың қараша айының үздік қызметкері атанды.
Серікбай Шойбекұлын құттықтаймыз!
Еңбекте табыс тілейміз!