2021 жылы академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде "Айдың үздік қызметкері" байқауы бастау алған болатын. Байқау қызметкерлердің сапалы және шығармашылық жұмысқа қызығушылығын ынталандыру мақсатында өткізіліп келеді. Байқау қорытындысы бойынша 2022 жылдың қазан айының үздік қызметкері болып Ақпараттық технологиялар және телекоммуникация орталығының бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және сүйемелдеу бөлімінің жетекші инженері Айғаным Ибрагимқызы Смағұлова танылды.
Айғаным Ибрагимқызын құттықтаймыз!
Еңбекте табыс тілейміз!