ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

БӨКЕТОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ РОБОТОТЕХНИКА ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ САЛАСЫНДА МАМАНДАР ДАЙЫНДАУДА

Елена Александровна Спирина – педагогика ғылымдарының кандидаты, қолданбалы математика және информатика кафедрасының доценті, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы -- 2023» байқауының жеңімпазы.

Оның ғылыми-педагогикалық қызметі IT-технологияларымен және ақпараттық бейіндегі студенттер мен магистранттарды IT саласындағы кәсіби жұмысқа дайындаумен байланысты.

"IT-технологиялардың даму қарқыны мен еңбек нарығының үнемі өзгеріп отыратынын ескерсек, білім беру және ғылыми қызығушылықтар -- робототехника, жасанды интеллект, WEB-технологиялар (frontend және backend web-қосымшаларын әзірлеу), PYTHON тілін бағдарламалау, қосымшаларды әзірлеу үшін PYTHON фрейворктарын қолдану саласындағы мамандарды кәсіби тұрғыда даярлау мәселесін қамтиды", – дейді Елена Спирина.

Оқытушы соңғы 5 жылда ақпараттық бейінде білім алып жатқан студенттер мен магистранттарға арналған 2 оқу құралы мен 6 электронды оқулық әзірледі.

IT мамандары үшін шет тілін білу міндетті талап болып табылады, сондықтан кафедрада бейіндік пәндер бойынша бірқатар білім беру бағдарламалары ағылшын тілінде жүргізіледі.

"Біз IT-пәнін ағылшын тілінде оқыту мәселелерін қамтитын ғылыми зерттеулер жүргізіп жатырмыз. Сондай-ақ жоғары білім беру жүйесінде адаптивті оқытуды іске асыру үшін жасанды интеллект технологияларын қолдануға байланысты сұрақтар әзірленуде. Адаптивті платформаның логикалық-құрылымдық моделін құру, нейрондық желілер мен машиналық оқыту алгоритмдеріне негізделген адаптивті платформа модульдерін жобалау бойынша зерттеулер жүргізілуде. Бұл ғылыми қызығушылықтардың барлық бағыты жарияланым қызметінде көрініс табады. 160-тан астам ғылыми еңбектің авторымын», -- деп ойын түйіндеді Елена Спирина.