ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

БӨКЕТОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҮЗДІК ҒАЛЫМДАРЫ


2025-2027 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыру конкурсының жеңімпаздары:
1. Галиева Альдана Рымжановна (философия докторы (PhD) – Химия факультеті.Ғылыми кеңесшісі – х.ғ.д., профессор Тәжбаев Еркеблан Мұратұлы. Галиева Альдана полимерлі материалдардың синтезі мен сипаттамалары, сонымен қатар туберкулезге қарсы препараттарды ағзаға жеткізу үшін нанобөлшектерді жасау саласында ғылыми зерттеулер жүргізеді. Ол препараттарды жеткізу үшін тиімді және қауіпсіз жүйелерді құру бойынша жұмыс істейді, олардың бөліну процестерін, биоқұлдырауы мен мукоадгезиялық қасиеттерін зерттейді.Сонымен қатар, А.Р. Галиева тәжірибелік деректерді талдаумен және ғылыми жарияланымдарды дайындаумен белсенді айналысып, полимер материалдарының сипаттамаларын жақсартудың жаңа әдістері мен технологияларын жасауға қатысады.
2. Әбдірахманова Самал Төкенқызы 2024 жылы докторантураны бітірді, 2025 жылы диссертациясын қорғайды – Шет тілдер факультеті. Ғылыми кеңесшісі – қауымдастырылған профессор, шет тілдік дайындық теориясы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Саржанова Ғалия Байжұмақызы.Әбдірахманова Самал Төкенқызы — академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің постдокторанты, шет тілдік дайындық теориясы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы. Оның зерттеулері ашық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, шет тілдерін оқытудың заманауи әдістеріне бағытталған. Самал Төкенқызы шет тілін оқытуда жаңа технологияларды енгізуді, соның ішінде оқу тиімділігін арттыру үшін ООР және AI пайдалануды қарастырады. Ғылыми жұмысында ол сонымен қатар ағылшын тілі мұғалімдерінің педагогикалық тәжірибесінде цифрлық технологиялардың тиімді қолданылуын зерттейді, ол өз кезегінде білім беру процесіне ООР және AI-ді енгізуге ықпал етеді. Сонымен қатар, Самал Төкенқызы шет тілді білім беру мен оқытуда цифрлық технологияларды қолдану мәселелеріне арналған ғылыми конференциялар мен семинарларға белсенді қатысады. Әртүрлі ғылыми журналдарда жарияланып тұратын еңбектері ғылыми қызметінің жоғары деңгейін көрсетеді.