ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

«Жастардың өмірге қанағаттануы: қолданбалы аспектілер» жазғы ғылыми психологиялық мектепте қатысуға шақырады

Жазғы ғылыми психологиялық мектеп жастардың өміріне қанағаттану мәселелері бойынша психологиялық теория мен практиканың өзекті мәселелерін талқылауды, жаңа кәсіби тәжірибе жинақтауды көздейді.

Жазғы ғылыми психологиялық мектеп 36 сағатқа есептелген, топтардың өтінімдеріне сәйкес, құны - тегін, №1409-ФС-23 гранттық қаржыландыру есебінен.

Өткізу мерзімі: 2023 жылғы «19» маусымнан «24» маусымға дейін.

Жазғы психологиялық мектепті тиімді бітірген студенттерге сертификаттар беріледі (сертификат құны 3 мың тг студентерге, қалғандарына 5 мың тг.).

Жазғы психологиялық мектептің жұмыс бағытының модульдері:

1) Жастардың өмірге қанағаттануы. Психологиялық дискурс;

2) Стресске төзімділіктің жоғарылауы

3) Өмірге қанағаттануы төмен жастармен жұмыс жасауда арт-терапияны қолдану;

4) Дағдарыс жағдайындағы жастарға психологиялық кеңес беру.

18 бен 28 жас аралығындағы студенттер шақырылады. Өтініштер 10 маусымға дейін қабылданады.

ӨТІНІМ

жазғы ғылыми психологиялық мектепте қатысуға

(alimbaeva_21@mail.ru электрондық поштаға жіберу)

тел. +7 708 501 501 0

Аты-жөні

Бағыт модулі

Жұмыс орны

Лауазымы

Оқыту тілі

Телефон Whats App

e-mail