Рединг университеті (Ұлыбритания) Фармация мектебінің профессоры, ғалым-химик Виталий Викторович Хуторянскийдің дәрісі рейтингі жоғары журналдарда мақала жазудың негізгі тәсілдеріне арналады. Ғылыми зерттеулерге ерекше көзқарасымен танымал профессор Хуторянский В.В. жоғары сапалы басылымдар арқылы ғылым әлемінде құрметке қалай жетуге болатыны туралы білімімен бөліседі. Хуторянский В.В. — 200-ден астам түпнұсқа ғылыми мақалалардың, шолулар мен кітаптардағы тараулардың авторы, жарияланымдары 10 000-нан астам сілтеме алған және h-индексі 48. Ол беделді марапаттардың иегері, жетекші халықаралық журналдардың (European Polymer Journal, Polymers, Gels, Journal of Pharmaceutical Sciences, Pharmaceutics, Reviews and Advances in Chemistry) редакциялық алқасының мүшесі және «Дәрілік заттарды әзірлеу және тіркеу» журналының бас редакторының орынбасары болып табылады.