Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің филология факультетінде 2025 жылғы 17 ақпан мен 1 наурыз аралығында Варвара Валентиновна Дружинина, филология ғылымдарының кандидаты, Патрис Лумумба атындағы Ресей халықтар достығы университетінің Сочи институты (филиалы) орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті «Шет тілі ретінде орыс тілі сабақтарындағы көркем мәтін» тақырыбында курс өткізеді.Курс B2 деңгейінде орыс тілін үйретуде көркем мәтіндерді қолдану әдістемесіне арналған.Дәрістер Zoom платформасында онлайн форматта өтеді, жалпы көлемі 72 сағат.