Бүгін Бөкетов университетінің дене мәлениеті және спорт факультетінде білім ордамыздың жоғары курс студенттері Куба құрамасы өкілдерімен бокстан шеберлік сабағын өтті.
Факультет деканы, профессор Қуанышбек Аданов университеттің спорт залында қонақтарға таныстыру жұмыстарын жүргізіп, Серік Сапиев пен Геннадий Головкин сияқты танымал түлектеріміз жайында сөз қозғады. Өз кезегінде боксшылар университет студенттерімен бірлескен жаттықтыру жиынын өткізді.
Осылайша, студенттер білікті кубалық боксшылардан түрлі әдіс-тәсілдерді үйренуге мүмкіндік алды.
Шетелден келген қонақтар сапарының басты мақсаты – Қазақстан боксшыларымен бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізу. Команданың жаттықтырушысы Карлос Мануэль Перес Рейестің айтуынша, ол біздің елге алғаш рет келіп отыр.
«Мұнда, спортшыларды дайындап, даярлау үшін барлық жағдай жасалған. Сонымен бірге елдегі қыстың қатал ауа райын алғаш рет көріп, сезініп тұрмын, дегенмен сіздерде мейірімділікке толы жылы ортаның бар екенін байқадым. Адамдық жылу кез келген суықтың орнын толтырады», — деді ол.
Өз кезегінде Басқарма Төрағасы — ректор Нұрлан Дулатбеков Парижде өтетін алдағы Олимпиада ойындарында кубалық боксшыларға сәттілік тілеп, жаңа жылдық сыйлықтарды табыстады. Қонақтарымыз болса өз қолтаңбалары бар бокс қолғаптарын сыйға тартты.