Бір апталық сауықтыру демалысы
18 желтоқсан күні академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің басшылығы мен Қарағанды университеті оқытушыларының, қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ комитеті университетіміздің 30-ға тарта профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерін Қазақстанның танымал екі шипажайы: Жамбыл облысы, Мерке ауданындағы «Мерке-Радон» және Түркістан облысы, Сайрам ауданындағы «Манкент» шипажайларына бір апталық сауықтыру демалысына жіберді.
Қарағанды Бөкетов университетінің қызметкерлері мен профессор-оқытушылар құрамына шипалы ем алып, көңілді демалып, жақсы сауығып, жаңа күш-қуатпен қызметке оралуларын тілейміз.