ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Жазғы психологиялық мектеп шеңберінде психологтардың, педагог-психологтардың біліктілігін арттыру курстары

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті факультет базасында философия және психология факультетімен бірлесіп жазғы психологиялық мектеп шеңберінде психологтардың, педагог-психологтардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастырады:

1. Бағыт: Практикалық психологтың жұмысын ұйымдастыру:
- "Танатологияның психологиялық аспектілері". Психологиялық дискурс;
- «Стресске төзімділікті арттыру» Тренингі;
- Адамның дағдарыс жағдайына психологиялық кеңес беру. Төтенше жағдайларда адамдармен жұмыс істеу технологиялары;
- Ересектермен және балалармен жұмыс жасауда арт-терапияны қолдану ерекшеліктері.

2. Бағыт. Адамның дағдарыс жағдайына психологиялық кеңес беру:
- «Мектеп психологының іс-әрекетіндегі медиацияның рөлі»;"
- «Стресске төзімділікті арттыру» тренингі;
- «Адамның дағдарыс жағдайына психологиялық кеңес беру. Төтенше жағдайларда адамдармен жұмыс істеу технологиялары;»
- «Психологиядағы математикалық әдістер».

3. Бағыт: Топтық өзара іс-қимыл:
- Тренинг: "Тиімді команда құру";
- "Кәсіби және жеке мақсаттарға қол жеткізудегі коучинг";
- "Эмоционалды интеллект табысты әлеуметтенудің факторы ретінде". Тренинг.

Біліктілікті арттыру курстары топтардың өтінімдеріне сәйкес 72 сағатқа есептелген.
Оффлайн форматының құны-27 700 тг.
Өткізу мерзімі: 2022 жылғы 13-25 маусым аралығында.
Біліктілікті арттыру курстары психологиялық теория мен практиканың өзекті мәселелерін талқылауды; жаңа кәсіби практикалық тәжірибе алуды көздейді. Біліктілікті арттыру бағдарламаларын табысты аяқтаған тыңдаушыларға тиісті үлгідегі сертификаттар беріледі.