ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Студенттерге, оқытушыларға және қызметкерлерге ағылшын тілінен деңгейлік курстар

Шетел тілдері факультетінің базасында Көптілді білім беруді дамыту орталығы студенттерге, оқытушыларға және қызметкерлерге ағылшын тілінен деңгейлік курстар ұйымдастырды. Курс барысында білім алушылар сөйлеу әрекетінің 4 түрін дамытты: тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым. Курстар коммуникативті құзіреттілікті дамыту негізінде құрылды, нәтижесінде білім алушылар өз ойлары мен идеяларын айта білуге үйренді. Олар сондай-ақ ағылшын тілін тиісті деңгейде меңгерді. Қорытынды кезеңде Final test болды, оның нәтижесінде білім алушыларға сертификаттар берілді.