2023 жылғы 04 сәуірден 28 сәуірге дейін Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің (https://buketov.edu.kz/kz/) экономика факультетінде (https://buketov.edu.kz/kz/page/faculty/faculty-econ, https://www.facebook.com/economic.faculty.501) Корчевская Лилия Александровна, экономика ғылымдарының докторы, Херсон ұлттық техникалық университетінің профессоры (Херсон қ., Украина), онлайн форматта 72 сағат көлемінде қонақ дәрістер курсы өткізіледі.
«Әлеуметтік кәсіпкерлік» курсы әлеуметтік, мәдени немесе экологиялық мәселелердің шешімдерін әзірлеу, қаржыландыру және іске асыру үшін стартаптар мен кәсіпкерліктің басқа құралдарын пайдалануды ашады. Монетизация мен пайданы бөлудің негізгі модельдерін сипаттайды, бизнесті дамытудың барлық кезеңдерін — бизнес тұжырымдамасын пысықтаудан бастап оның тиімділігін бағалауға дейін, әлеуметтік кәсіпкерліктің барлық аспектілерін қарастырады.