15.05.2023 - 15.06.2023 ж. аралығында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің педагогикалық факультетінде Максим Танк атындағы Белорусь мемлекеттік педагогикалық университеті педагогика кафедрасының доценті, п.ғ.к. Гордеева Инна Владимировнаның 72 сағат көлемінде онлайн форматта қонақтық дәрістер курсы тыңдалды.
«Инновациялық білім беру практикасы» курсы тыңдаушылардың мектептегі білім берудегі инновациялық идеялар мен тиімді педагогикалық тәжірибелерді игеру, білім беру үдерісін жетілдіру және білім алушылардың тұлғалық дамуын жетілдіру үшін кәсіби қызметте педагогикалық инновацияларды бейімдеу және қолдану қабілетін қалыптастыру мақсатын іске асыруға ықпал етті.
Дәрістер шеңберінде білім берудегі құзыреттілік тәсілге, білім алушылардың құзыреттілігі мен функционалдық сауаттылығын дамыту шарттарына, оқушылар үшін пәнаралық жобаларды әзірлеу ерекшеліктеріне, аралас оқыту модельдерін іске асыруға, педагогикалық қызметке тұрақты даму үшін білім беру идеяларын енгізуге қатысты мәселелер қаралды.
Курс 7М01301, 8D01301 - Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі білім беру бағдарламасының білім алушыларын инновациялық білім беру практикасын іске асыру бойынша табысты теориялық және практикалық даярлауға ықпал етті.