Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің философия және психология факультетінде философия ғылымдарының докторы, Сібір федералды университетінің Даму психологиясы және кеңес беру кафедрасының профессоры Ростовцева Марина Викторовнаның "Ұйымдастыру психологиясы және көшбасшылық" тақырыбындағы қонақтық дәрістер курсы өткізіледі.
Курстың көлемі 72 сағатты құрайды. Курс бойынша сабақтар 2023 жылғы 14 мамырдан 10 маусымға дейін аралас форматта өткізіледі. 14.05.2023-19.05.2023 аралығында № 8 корпуста күндізгі дәріс сабақтары өткізіледі. 30.05.2023-10.06.2023 аралығында қашықтықтан сабақтар мен консультациялар ұйымдастырылады.
В.М. Ростовцева курсы ұйымдағы басқару және көшбасшылық мәселелеріне арналған. Бұл курс студенттер мен магистранттарға "Ұйымдастыру психологиясы", "Басқару психологиясы", "Әлеуметтік психология", "Еңбек психологиясы" және т. б. пәндерді игеру үшін пайдалы болады. Дәрістермен бірге, курска мақала жоспарлары бойынша семинарлар, топтық және жеке консультациялар, ғылыми жобалар мен басылымдар бойынша консультациялар кіреді.