ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

«Гендерлік саяси мәдениет» атты қонақ дәрістері

07.04.2022 ж.-06.05.2022 ж. аралығында философия және психология факультетінің оқытушылары, студенттері мен магистранттары саяси ғылымдар докторы, профессор, РҒА АҚШ және Канада институтының әлеуметтік-саяси зерттеулер орталығының жетекшісі Надежда Александровна Шведованың «Гендерлік саяси мәдениет» атты қонақ дәрістерін тыңдау мүмкіндігіне ие болды. Айта кету керек, бұл іс-шара дәстүрлі қонақ дәрістерінен тыс болды. Профессор сонымен қатар оқытушыларға арналған «Дәрісті қалай дайындау және оны ұсыну» мастер-классын, студенттерге «Ғылыми мәтінді қалай жазу керек» және магистранттарға магистрлік зерттеулер тақырыптары бойынша бірнеше кеңестер өткізді.

Профессор Н.А. Шведованың «Гендерлік саяси мәдениет» қонақ дәрістері курсы философия және психология факультетінің оқытушылары, студенттері мен магистранттары үшін жарқын оқиға болды. Курс лектордың жоғары біліктілігі мен бай ғылыми тәжірибесіне қосылуға мүмкіндік беріп қана қоймай, тыңдаушыларды белсенді ғылыми ізденіске ынталандырып, оқытушылардың ғылыми және педагогикалық қызметіне жаңа инновациялық тәсілдер мен әдістерді енгізуге серпін берді. Іс-шараны ұйымдастырған саясаттану және әлеуметтану кафедрасы.