ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Қонақтық дәрістер курсы

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің философия және психология факультетінде саяси ғылымдарының кандидаты, Башқұрт мемлекеттік университетінің (Ресей Федерациясы) саясаттану және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті Евдокимов Николай Анатольевичтің «Қазіргі әлемдегі идеологиялық үдерістер» атты қонақтық дәрістер курсы өткізіледі. Дәрістер 2023 жылдың 30 қаңтары мен 18 ақпаны аралығында онлайн форматта 72 сағат бойы жүргізіледі. Евдокимов Н.А. курсы студенттер мен оқытушыларға қазіргі саяси идеологиялар, олардың даму тенденциялары және саяси жүйелердегі рөлі туралы түсініктерін кеңейтуге көмектеседі. Дәрістермен бірге, курска мақала жоспарлары бойынша семинарлар, топтық және жеке консультациялар, ғылыми жобалар мен басылымдар бойынша консультациялар кіреді.