ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

«Болашақ ата-аналар мектебін» құру

Жобаның идеясы - студенттерге болашақ ата-аналар ретінде отбасын құру және дені сау балаларды дүниеге әкелу мәселелері бойынша ақпарат-кеңес беру арқылы қолдау жасау, сондай-ақ, дамуы ерекше баланың дүниеге келуі мен, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеуге байланысты туындауы ықтимал қиындықтарға дайындығын қалыптастыру болып табылады. Жастар арасындағы ақпараттың жетіспеушілігі көбінесе әртүрлі жағымсыз салдарға, кейде отбасының бұзылуына әкеліп жатады, себебі дамуында ерекшеліктері бар баланың туылу фактісі психологиялық, материалдық, уақыттық және басқа да ресурстарды қажет ететіні белгілі.
Жобаның мақсаты – дүниеге дені сау ұрпақ әкеліп, бақытты отбасын құрудың басты шарты ретінде денсаулықты сақтау мәселелері бойынша студенттеріміздің сауаттылығын арттыруға бағытталған «Болашақ ата-аналар мектебін» құру.