«Экономика саласындағы ғалымдардың зерттеулерінің басымдықтары мен проблемалық мәселелері» атты дөңгелек үстел
2024 жылдың 12 сәуір күні экономика факультетінде Ғылым күніне арналған «Экономика саласындағы ғалымдардың зерттеулерінің басымдықтары мен проблемалық мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел барысында экономика факультетінің кафедра меңгерушілерінің баяндамалары тыңдалып, 2023 жылдың қорытындысы бойынша негізгі ғылыми жетістіктер жарияланып, факультет ғалымдары мен студенттерінің ғылыми-зерттеу қызметінің перспективалық бағыттары мен проблемалық аспектілері анықталды.
Түрлі ғылыми жетістіктері үшін Құрмет грамоталармен келесі оқытушылар марапатталды:
Университеттің дамуына қосқан үлесі және жоғары басылымдық белсенділігі үшін
- Курманалина А.К., қаржы кафедрасының профессоры
- Гелашвили Н.Н., экономика және халықаралық бизнес кафедрасының қауымдастырылған профессоры
- Аяганова М.П., маркетинг кафедрасының қауымдастырылған профессоры
- Садуакасова М.Б., бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасының аға оқытушысы
- Давлетбаева Н.Б., менеджмент кафедрасының профессоры
Ең тиімді ғылыми жетекші ретінде университеттің дамуына қосқан үлесі үшін
- Темирбекова Л.А., бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасының аға оқытушысы
- Мусина С.Т., экономика және халықаралық бизнес кафедрасының аға оқытушысы
- Гребенюк Д.Д., маркетинг кафедрасының оқытушысы
- Тиштыкбаева А.Ж., қаржы кафедрасының аға оқытушысы
- Ержанова С.К., менеджмент кафедрасының профессоры
Университеттің ең тиімді жас ғалым ретінде дамуына қосқан үлесі үшін
- Акынов Д.М., бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасының аға оқытушысы
- Газизова М.Р., экономика және халықаралық бизнес кафедрасының аға оқытушысы
- Абаев А.А., қаржы кафедрасының асисстен профессоры
- Торжанова Д.А., маркетинг кафедрасының аға оқытушысы
- Ескерова З.А., менеджмент кафедрасының аға оқытушысы
Әріптестерімізді Ғылым қызметкерлерінің күнімен құттықтап, зор денсаулық және ғылыми табыс тілейміз!